Биология ғылымдарының докторы, энтомолог
Ященко Роман Васильевич 1962 жылы 18 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы қаласындағы №32 орта мектепке барып оқып, 1979 жылы аяқтады. 1971-1978 жылдары Алматы қаласындағы музыкалық мектепте оқыды. 1979 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің биология факультетіне түсіп, 1984 жылы қызыл дипломмен үздік бітіріп шықты.
Роман Васильевич 1984 жылдың қараша айынан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясының Зоология институтына лаборант болып кіріп, 1989 жылы сәуір айында кіші ғылыми қызметкерге ауысып, 1995 жылға дейін осы қызметті атқарды. 1994 жылы Биология ғылымдарының кандидаты диссертациясын энтомология мамандығы бойынша қорғап, 1994 жылы 14 қаңтарда дипломын (РK № 0000961, ҚР ЖАК) алды. 1988 жылдың қазан айынан 1989 жылдың сәуіріне дейін СССР Ғылым академиясының Зоология институтындағы (Ленинград қаласы) Насекомдар систематикасы зертханасында профессор Е. Данцигтің жетекшілігімен тағылымгер-зерттеуші болды. 1997 жылдың қаңтарынан тамызға дейін Киото университетінің (Жапон ғылымын ілгерілету қоғамының грант алушысы ретінде – Japanese Society for promotion of Science), Ауыл шаруашылығы факультетінде зерттеуші қызметін атқарды. 2001 жылдың қаңтар айынан желтоқсанға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Батыс Тянь-Шань биоалуантүрлілігін сақтаудың трансшекаралық халықаралық жобасы (Дүниежүзілік банк пен ЖЭҚ қолдаған) бойынша ғылыми кеңесші болды. 2001 жылдың қазан-желтоқсан айларында Жапонияның Киото университетіндегі Азия және Африка зерттеулер кафедрасында шақырылған профессор болды. 1995 жылдың ақпанынан 2004 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР БҒМ Зоология институтының аға ғылыми қызметкері, 2004 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың тамызына дейін жетекші ғылыми қызметкері болып, Биология ғылымдарының докторы диссертациясын энтомология мамандығы бойынша қорғап, 2009 жылы 26 маусымында (FD 0000731 дипломы, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті) дипломын алды. 2009 жылдың тамызынан 2015 жыл бойы бас ғылыми қызметкер болды. 2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың сәуірі бойы Жапониядағы Киотода Адамзат және табиғатты зерттеу ғылыми-зерттеу институтының профессоры болды. 2013 жылдың қаңтарынан тамызға дейін ҚР БҒМ Зоология институтының Бас директоры қызметін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың қазан айы бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың қаңтары бойы ҚХР Ғылым академиясы (Үрімші, Қытай) Экология және география институтының шақырылған профессоры болды. 2019 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың наурызы бойы ҚХР Ғылым академиясы (Пекин, Қытай) Зоология институтының шақырылған профессоры болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан 2021 жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессоры. 1997 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін Тетис ғылыми қоғамының президенті, Алматы. 2021 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Шыңжаң университетінің профессоры (Үрімші, Қытай). 2011 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Ұлттық комитетінің ЮНЕСКО-ның «Адам және Биосфера» (ХБА) бағдарламасының төрағасы, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшесі. 2018 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының бас директоры.
Роман Васильевичтің халықаралық тәжірибесі мол, 80-нен астам шетелдік мемлекеттерде (Қытай, Жапония, АҚШ, БАӘ, Тунис, Алжир, Марокко, Иордания, Кувейт, Таиланд, Камбоджа, Оңтүстік Африка, Бразилия, Голландия, Панама, Франция, Швеция, Перу, Оңтүстік Орта Азия, Иран, Бельгия, Непал, Германия, Италия, Испания және т.б.) болып, ғылыми зерттеулер жүргізді, ЖОО лекциялар оқып, практикалық сабақтар өткізді.
Қытай: Қытайда зерттеулер жүргізуге ҚХР Ғылым академиясы Президентінің гранты, 2019 жылғы қаңтар-2020 жылғы наурыз және 2017 жылғы қазан-2018 жылғы қаңтар, ҚХР ҒА Зоология институты (Пекин) және ҚХР ҒА Шыңжаң экология және география институты (Үрімші). Батыс Қытайдағы жәндіктердің далалық және зертханалық зерттеулері (Қазақстан-Қытай, Шыңжаңдағы энтомологиялық экспедиция, мамыр-маусым 1993). Далалық зерттеулер және Үрімші қаласындағы ғылыми конференцияларға қатысу (ҚХР ҒА экология және география институты: тамыз 2008 жыл, тамыз-қыркүйек 2010 жыл; Шыңжаң университеті: қыркүйек 2014 жыл, шілде 2015 жыл). Дүниежүзілік мұра бойынша ЮНЕСКО халықаралық сарапшыларының Семинар-тренингі, қыркүйек 2012 жыл, Шанхай.
Жапония: Арал өңіріндегі бірлескен ғылыми экологиялық зерттеулер.
– 1996 жыл сәуір–маусым – Киото Университетінде Арал аймағының мәселелері бойынша зертханалық экологиялық зерттеулер,
– 1997 жыл қаңтар-тамыз (JSP гранты) – Киото университетіндегі маргародид Палеарктикалық таксономиясын зерттеу.
– 2001 жыл қазан-желтоқсан – Арал өңірінің экологиялық жағдайы бойынша зерттеулер, Киото университеті (шақырылған профессор).
– 2004 жыл қазан – Жапония университеттеріндегі дәрістер топтамасы.
– 2008 жыл ақпан – Тоттори университетінде және Киото университетінің экологиялық орталығында дәріс.
– 2009 жыл ақпан – Адамзат және табиғат институтында дәріс, Киото.
– 2010 жыл қазан – 2011 жыл сәуір – Киото, адамзат және табиғат институтында зерттеу.
– 2015 жыл –Шығыс Азия биосфералық резерваттар желісіне қатысушы елдердің 14-ші кездесуін өткізілді, Нагано.
– 2016 жыл – Токиодағы БҰҰ университетінде ЮНЕСКО сарапшыларының кездесуі.
– 2018 жылы – ЮНЕСКО биосфералық резерваттар сарапшыларының кездесуі, Токио (Токио университеті).
АҚШ: «Жыңғылдың табиғи жаулары және оларды АҚШ-қа енгізу» бірлескен жобасы
(1995 жыл наурыз – 2003 жыл тамыз), АҚШ–тың Темплдегі Ауыл шаруашылығы департаментінің биобақылау зертханасы, Техас (Grassland, Soil and Water Research Laboratory, U. S. D. A-ARS, Texas).
– 1996 жыл қыркүйек-қараша – Биологиялық бақылау зертханасында зертханалық және далалық зерттеулер, Темпл, Техас қазан айында 1996 жыл. (Grassland, Soil and Water Research Laboratory U.S.D.A – ARS).
– 2001 жыл шілде-қыркүйек – Биобақылау зертханасындағы зертханалық және далалық зерттеулер, Темпл, Техас, Олбани, Калифорния (U. S. D. A – ARS)
– 2005 жыл қазан-қараша – Биологиялық бақылау зертханасында зертханалық және далалық зерттеулер, Темпл (Техас), Олбани (Калифорния), Вашингтон (Колумбия округі) (U. S. D. A – ARS).
– 2006 жыл маусым-шілде – Биологиялық бақылау зертханасында зертханалық және далалық зерттеулер, Темпл (Техас), Олбани (Калифорния), Сидней (Монтана), Вашингтон (Колумбия округі) (U. S. D. A – ARS).
БАӘ: Тауқұм шөлі мен Маңғышлақ түбегіне бірлескен экспедиция (сәуір-маусым 1995 жыл), БАӘ Ұлттық орнитологиялық зерттеу орталығы.
Тунис: табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақтың форумы, Солтүстік аймақтық бағдарлама. Африка, Батыс және Орта Азия (Тунис, 7-15 сәуір, 2000 жыл).
Алжир: ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Араб желісіне қатысушы елдердің кездесуі (шақырылған халықаралық сарапшы ретінде, Алжир, мамыр 2017 жыл).
Марокко: ИСЕСКО кездесуі (ұйымның 30 жылдығы), FAO семинары, Рабат, мамыр 2012 жыл.
Иордания: IUCN Дүниежүзілік Конгресі (IUCN), Амман, 30 қыркүйек – 15 қазан 2000 жыл.
IUCN аймақтық форумы (IUCN), Амман, қыркүйек 2005 жыл.
Кувейт: табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақтың 4 форумы, Солтүстік аймақтық бағдарлама. Африка, Батыс және Орта Азия (13-20 қыркүйек 2002 жыл).
Таиланд: IUCN III Конгресі (15-26 қараша 2004 жыл), Tethys Scientific Society делегациясының жетекшісі.
Камбоджа: Азия және Тынық мұхиты елдерінің ЮНЕСКО-ның Аймақтық кездесуі (2016 жыл шілде).
Оңтүстік Африка: Дүниежүзілік саябақтар конгресі, қыркүйек 2003 жыл, Дурбан, Оңтүстік Африка.
Бразилия: SCB-нің XIX кездесуі (15-20 шілде 2005 жыл, Бразилия).
Панама: Ipbes ұйымдастырушылық кездесуі, Панама, сәуір 2012 жыл.
Голландия: IUCN ұлттық комитеті, ақпан 2006 жыл, Гаага.
Франция: Weeds Биологиялық бақылауы үшін симпозиум, Монпелье, 20-27 сәуір 2007 жыл.
ISEND 2011, Табиғи бояғыштар бойынша Халықаралық симпозиум, Ла Рошель, 24-30.04 2011.
ЮНЕСКО Бас конференциясы, Париж, қараша 2011 жыл, ҚР үкіметтік делегациясының мүшесі.
ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 24-сессиясы, Париж, шілде 2012 жыл.
ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 25-сессиясы, Париж, маусым 2013 жыл.
ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 27-сессиясы, Париж, шілде 2015 жыл.
ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 29-сессиясы, Париж, шілде 2017 жыл.
Швеция: ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясы, Йончопинг, маусым 2014 жыл.
Перу: 4 дүниежүзілік биосфералық резерваттар конгресі, Лима, наурыз 2016 жыл.
ЮНЕСКО ХБА халықаралық үйлестіру комитетінің 28-сессиясы, Лима, наурыз 2016 жыл.
Иран: IUCN Regional Conservation Forum, WESCANA, Тегеран, 21-25 мамыр 2007 жыл.
Оңтүстік Орта Азия биосфералық резерваттар желісінің аймақтық конференциясы, Кешм аралы, қараша 2011 жыл.
ЮНЕП-тің биоалуантүрлілік және Экожүйелік қызметтер бойынша Мемлекетаралық платформаны дамыту жөніндегі аймақтық форумы, Тегеран, наурыз 2012 жыл.
ЮНЕСКО-ның Рамсар алқаптары мен ХБА бойынша өңірлік форумы, Тегеран және Рамсар, ақпан 2013 жыл.
ЮНЕСКО ХБА аймақтық форумы, Тегеран, шілде 2017 жыл.
Непал: IUCN Regional Conservation форумы, Азия-IUCN, Катманду, 8-14 қыркүйек 2007 жыл.
Бельгия: IUCN аймақтық еуропалық кеңсесінде жұмыс істеу, Брюссель, қазан 2007 жыл.
Панама: Биоалуантүрлілік және экожүйелік қызметтер бойынша Үкіметаралық платформаны дамыту бойынша 2-ші пленарлық кездесу, Панама қаласы, сәуір 2012 жыл. (Plenary meeting to determine modalities and institutional arrangements for an Intergovernmental Science-Policy Platform on Biodiversity and Ecosystem Services (IPBES) 16-21 April 2012, Panama City, Panama).
Италия: Орал өзені атырауының «Ақжайық» табиғи паркі бойынша Қазақстан-Италия жобасының ғылыми-техникалық тобының кездесулері: 1) желтоқсан 2011 жыл, Равенна, Болонья, 2) 23 ақпан-2 наурыз, Болонья.
Германия: IUCN ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша аймақтық кездесуі, 2016 жыл наурыз, Фильм аралы.
Испания: 5 IUCN Дүниежүзілік конгресі, Барселона, қазан 2008 жыл.
Роман Васильевич көптеген шетелдік гранттарды ұтып алып, едәуір ғылыми жұмыстарды жүргізді.
Сорос қоры, (Биоәртүрлілікті зерттеу), 1993 жыл.
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі, жыңғылды биобақылау, 1995 жылдан 2012 жылға дейін.
Жапонияның Сыртқы істер министрлігі, Киото университетіндегі экологиялық зерттеулер, 1996 жыл.
Ғылымға жәрдемдесу жөніндегі жапон қоғамы (Japanese Society for promotion of Science), Палеарктиканың кокцидтік таксономиялық зерттеулері, 1996-1997 ж. ID Nr. RC 39626112
Жапония елшілігі, Шөптің тамыр бағдарламасы, наурыз 1998 жыл (Арал өңірінің экологиялық мәселелері бойынша ғылыми конференция материалдарын дайындау және жариялау).
Жапония елшілігі, Шөптің тамыр бағдарламасы, қаңтар 1999 жыл (Арал өңіріндегі мониторингтік экологиялық зерттеулер).
ISAR, қараша 2000 жыл, COOP2-7, Солтүстік-Шығыс Каспий жағалауы аумақтарын рекреациялық аудандастыру (Қазақстан шегінде).
ЮНЕСКО, Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері, 2003 жыл.
АҚШ ауыл шаруашылығы департаментінің Тынық мұхит бөлімшесі (Олбани, Калифорния, АҚШ), Калифорния университеті (Дэвис, Калифорния, АҚШ) және биотехнология және биологиялық бақылау жөніндегі агенттік (Рим, Италия), «аса маңызды зиянкестерді биологиялық бақылау», 2001-2003 жж.
Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақ (IUCN), Орта Азия мен Қазақстандағы қорғалатын табиғи аумақтарды басқару тиімділігін бағалау, 2005-2006 жж.
Барсакелмес қорығының аумағындағы климаттың өзгеруі мен химиялық ластанудың әсері жөніндегі зерттеулер (Қазақстан, Солтүстік Арал маңы), 2006 жыл.
Қытайда зерттеулер жүргізуге ҚХР ҒА Президентінің гранты, 2017-2018, 2019-2020 жж.
Ғылыми қызығушылықтары: таксономия, фаунистика, тіршілігі, кокцид зоогеографиясы, энтомология, молекулалық систематика, популяциялық биология, табиғатты қорғау, экологиялық зерттеулер, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы.
Жарияланымдары: 170-ке жуық ғылыми жарияланым, оның ішінде 2 монография.
Мерейтой иесіне зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір, ғылыми жетістіктер тілейміз.
2000 жыл. И.Д. Митяевпен Шелек өзені аумағында
2000 жыл. Р.В. Ященко мен И.И. Кабак
1994 жыл. Арал экспедициясы
Энтомология зертханасы
Далалық зерттеу жұмыстары кезінде
ҚазҰУ, халықаралық конференция. 12.05.2009 жыл
16.01.2007 жыл. А.Б. Жданконың суреттер көрмесі
21.10.2008 жыл. Р.В. Ященконың докторлық диссертацияны қорғаған күні
Бас директор Р.В.Ященко Ғылым комитеті төрайымы Ж.Д. Құрманғалиевамен бірге жиналыс өткізуде
14.05.2014 ж. Далалық зерттеу жұмыстары
12.05.2014 ж. Далалық зерттеу жұмыстары
Мерейтой иесі – Роман Васильевч. 18.09.2022 ж.
ЮНЕСКО, Сиемрип, Камбоджа, 15.12.2014.
Китай, Чунцин, конф. CICA 18.12.2019.
Наурыз 05.04.2013
Наурыз 01.04.2022
Жаңа жылды қарсы алу 30.12.2008 ж.